«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев «Сайрам аудандық ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек ұжымының әлеуметтік-еңбек мәселелері, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі, жалақы, еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіподақ ұйымының қызметін жетілдіру бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған сауалдарға жауап берілді.

Айдар Бахтыбаев өз сөзінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымындағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақтың маңызы зор екенін жеткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы еңбек адамына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі екенін айтты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұжым қызметкерлері кәсіподақ тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға ризашылықтарын білдірді.
