Қазақстан Президенті Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, комиссияның жаңартылған құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов кірді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды», — делінген жұма күні тараған ақпаратта.

Комиссияның жаңартылған құрамы келесідей:

Асанов Жақып Қажманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары (келісім бойынша), төраға.

Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша), төрағаның орынбасары.

Сәбитова Айнұр Әлімханқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры (келісім бойынша), төрағаның орынбасары.

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі – хатшы.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).

ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).

ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).

ҚР-дағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Асанова Жанна Бейсентайқызы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша).

Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша).

Еспаева Дания Мәдиқызы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша).

Шапақ Үнзила – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша).

Әмір Досжан Сарманқұлұлы – ҚР Судьялар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Мусин Қанат Сергейұлы – ҚР Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша).

Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы (келісім бойынша).

Бекмамбетова Светлана Салаватқызы – БҰҰ Көші-қон агенттігінің аға ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша).

Волкова Ольга Александровна – «MEDIALIFE» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша).

Воронов Виталий Иванович – адвокат, «Алматы заң корпорациясы» ҚБ президенті (келісім бойынша).

Вранчев Игорь Олегович – адвокат, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры (келісім бойынша).

Жаркенова Светлана Бақытқызы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры (келісім бойынша).

Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, «Ашық алаң» ток-шоуының жүргізушісі (келісім бойынша).

Қазкенов Руслан Қазбекұлы – «Civic peace» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).

Қанафин Данияр Қайратұлы – адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша).

Могилев Александр Геннадьевич – Астана және Қазақстан митрополиті (келісім бойынша).

Нұрғазиева Бану Ғаниқызы – «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті (келісім бойынша).

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы – ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Осокина Ирина Юрьевна – адвокат, Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі (келісім бойынша).

Өтпенов Наурызбай Тағанұлы – Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы (келісім бойынша).

Пен Сергей Геннадьевич – М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Сман Айсана Сманқызы – адам құқықтары жөніндегі ұлттық сарапшы (келісім бойынша).

Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы (келісім бойынша).

Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – «Адам құқықтарын жақтаушы хартия» ҚҚ директоры (келісім бойынша).

Хасанова Шахноза Құлабдулақызы – «Сана Сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы» ҚБ директоры (келісім бойынша).

Шапақ Үнзила – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша).