Күннің, аптаның не бір кезеңнің өзекті деген тақырыбын талдайтын, апта сайын эфирге шығатын ток-шоу форматындағы бағдарлама. Тақырып бойынша белгілі сарапшылар, парламент депутаттары, атқарушы және жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері шақырылады. Ток-шоу форматындағы жаңа бағдарламада студияда 4 қонақ болады. Жүргізуші Дәулетхан Жиенқұлов келген спикерлермен арада өзекті деген тақырыптар бойынша тұшымды сұхбат құрып, көреременнің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алады.
Студия қонақтары:
Қайрат Отаров – ҚР КФ Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы
Бибігүл Ағыбаева – Еңбек құқығы саласындағы PHD
Самал Жұмағазиева – ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және Әлеуметтік әріптестік департаментінің бас сарапшысы
Айгүл Қапбарова – ҚР Парламенті Сенатының депутаты
