Оралда тұрғындар арасында медиация жөнінде сауалнама өткізілді

Орал қаласында Халықаралық құқық қорғау және медиация орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалының медиаторлары қала тұрғындары арасында рейд жүргізіп, медиация жөнінде кеңірек түсіндіріп, кеңестер берді.

Аталмыш шара 5 тамыз – Республикалық медиация күніне орай ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Заң клиникасы» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Сауалнама жүргізу барысында тұрғындар арасында медиация жөніндегі мәліметтер кең таралмағанды анықталды, алдағы уақытта сол бағыттағы жұмыстар атқарылып, даулы мәселелерді сотқа дейін шешу жолдары жөнінде түсіндірілетін болады.

Айта кететін мәселе, кәсіби медиаторлар мен «БҚО Кәсіподақтар орталығы» мамандары тұрғындарға ақысыз түрде заңнамалық және құқықтық көмек түрлерін көрсетеді. Ол үшін Орал қаласы, Назарбаев көшесі 184/1 мекен-жайы немесе 87172505356 төлефоны және әлеуметтік желілерге хат жолдау арқылы онлайн және офлайн көмек алуға болады.