«Қазақстандық Мұнай-Газ Кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиевтің мүше кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуі өтті.

Кездесуге «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төраға орынбасары Д.Кеңшілік, «Қазақстандық Мұнай-Газ Кешенінің салалық кәсіптік одағы» КБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы М.Рзаханов, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС кәсіподақ төрағасы М.Теміркасов, «Мұнайтелеком» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағының төрағасы М.Сәрсенбаев, «CASPI BITUM» ЖШС жергілікті жұмысшылар кәсіподағының төрағасы Р.Жұпбанов қатысып, онда мүшелік ұйымдардағы ағымдағы жағдай және кәсіподақ қызметін одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сұлтан Қалиев қатысушыларды ҚР Кәсіподақтар федерациясы жариялаған қауіпсіз еңбек жылы бойынша Салалық кәсіподақтың ағымдағы қызметі туралы, салалық бірлестіктің алқалы органдары қабылдаған шешімдерді орындау бойынша атқарылатын шаралар туралы хабардар етті.
Кездесу мұнай-газ және сервистік компаниялардың кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған шаралар туралы, өңірдегі мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағына мүшелік ұйымдарының қызметін үйлестіру бойынша бірлескен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы пікір алмасумен аяқталды.
