Еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді

Еліміздің үшінші мегаполисінде Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицей ұжымымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен жоспарлы семинар-кеңес өткізілді.

Жиын барысында Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді. Атап айтқанда, еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды.

Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.