Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай кәсіподақ үздіктері марапатталды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Салтанатты жағдайда алғыс сөздер, жылы музыкалық құттықтаулар айтылып, саланың үздік қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды.


Алматы жүк тасымалдау бөлімінің директоры Нұрым Жәниязов баршаны мерекемен құттықтап, жаңа жетістіктер мен табыс тіледі.

“Жұмыстарыңыз, өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды қабыл алыңыз. Сіздердің әрқайсыларыңыз жеке-жеке және бәріміз бірге маңызды және қажетті бір істі жасаймыз – поездар қозғалысының қауіпсіздігін, теміржол көлігінің тұрақты жұмысын, жүк тасымалдарының сенімділігін және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Өз тағдырын теміржолмен байланыстырғандардың барлығын құттықтаймын. Саланың ардагерлеріне ерекше ризашылығымды білдіремін. Сіздер теміржолшылардың бүгінгі ұрпағы жалғастырып келе жатқан даңқты еңбек дәстүрлерінің негізін қаладыңыздар”, – деп атап өтті Нұрым Жәниязов.

Магистральдық желінің Алматы бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбаев еліміздің әрбір тұрғыны өмірінде кем дегенде бір рет өңір немесе ел ішінде қозғалу үшін теміржол қызметін пайдаланғанын атап өтті. Бірақ мұның қандай ауыр және жауапты еңбек екенін білетіндер аз емес. Көптеген адамдар өздерінің кәсіби мерекелерін жұмыс орындарында қарсы алып, әрдайым қырағылық пен сенімділікті сақтайды.

«ҚАЗКӨЛІККӘСІПОДАҒЫ» кәсіподағының Алматы филиалы атынан теміржолшыларды филиал төрағасының орынбасары Асқар Караманов құттықтады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуан Омаров пен жол ардагері Дәулетбай Есімбеков жас мамандарға теміржолшы атағын мақтанышпен алып жүргендерін жеткізді.

Мереке барысында Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің, магистральдық желінің және тораптың басқа да бөлімшелерінің еңбеккерлерін марапаттау шеруі өтті.

Көптеген еңбеккерлерге төсбелгілер, ҚТЖ басшылығының және жүк тасымалы бөлімшесінің және магистральдық желінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, Алматы қаласының әкімі мен кәсіподақтың алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатты шара қазақстандық эстрада әртістерінің музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді. Өңірдің барлық теміржолшыларының ынтымағы мен бірлігі сезілді. Мерекелік шараларға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Логистика және көлік академиясының басшылығы қатысты.